Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында профилактикалық жиын өткізілді.
Жиын барысында жасөспірімдерге құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, буллинг пен кибербуллингке жол бермеу, зиянды әдеттерден аулақ болу, интернет желісіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу кезінде кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттеріне де ерекше назар аударылды. Жасөспірімдерге заң талаптарын бұзған жағдайда қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік түрлері түсіндіріліп, құқықтық тәртіпті сақтаудың маңыздылығы айтылды.
Сонымен қатар, балаларға өздері немесе қатарластары кез келген келеңсіз жағдайға тап болған кезде оған бейжай қарамай, дер кезінде ата-анасына, педагогтерге немесе тиісті мамандарға хабарласу қажеттігі түсіндірілді.
Профилактикалық жиын барысында жасөспірімдер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан тиісті жауаптар алды.
Басты мақсат – әр баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетін қалыптастыру және кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз орта қалыптастыруға және заң талаптарын құрметтеуге бағытталған.








