Өндірісті әртараптандыру және дамыту мәселелері «Широкое» ЖШС-де қаралды

    Өндірісті әртараптандыру және дамыту мәселелері «Широкое» ЖШС-де қаралды

    Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай жұмыс сапары аясында «Широкое» ЖШС-не барып, ауыл шаруашылығы кәсіпорнының қызметімен танысты.
    Сапар барысында арпа мен бидай алқаптары қаралды. Серіктестік басшысы Валерий Дынько аудан әкіміне егіс алқаптарының жай-күйі, жүргізіліп жатқан жұмыстар және алдағы егін жинау науқанына дайындық туралы баяндады. Сонымен қатар аудан әкімі астық қырманына барып, механизаторлар мен комбайншылармен әңгімелесіп, олардың сауалдары мен ұсыныстарын тыңдады.
    Сонымен қатар ерекше назар аударуды қажет ететін мәселелер де атап өтілді. Жалпы егістік жер көлемі 16 мың гектарды құрағанымен, биыл «Широкое» ЖШС тек 13,4 мың гектар алқапқа дәнді дақылдар еккен. Жер қорының ауқымды болуына және өндірістік әлеуетінің жоғары екеніне қарамастан, егіс алқаптарының құрылымында майлы және бұршақты дақылдар жоқ, бұл өндірісті әртараптандыру деңгейінің жеткіліксіз екенін көрсетеді. Бұдан бөлек, кәсіпорында ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту жұмыстары жүргізілмейді, сондай-ақ мал шаруашылығы бағыты дамытылмаған.
    Аудан әкімі қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану, егістік жерлердің толық көлемін ауыл шаруашылығы айналымына енгізу, майлы дақылдар есебінен егіс құрылымын кеңейту, мал шаруашылығын дамыту және ауыл шаруашылығы техникасын кезең-кезеңімен жаңарту кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттырудың әрі ауданның агроөнеркәсіптік кешенін одан әрі дамытудың маңызды шарттары екенін атап өтті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сандықтау ауданының әкімдігі" жаңалықтары