
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтары үшін объектілердің қолжетімділігіне қойылатын талаптардың сақталуы, сондай-ақ оңалтудың және абилитациялаудың жеке бағдарламасының іс-шараларының орындалуы мәселелері бойынша жүзеге асырылады және заңнаманың сақталуын қамтамасыз етуге, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғауға және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.
Мемлекеттік бақылауды жүргізу барысында ұйымдардың құқықтары:
✔️ мемлекеттік бақылаудың мақсаттары, негіздері және жүргізу тәртібі туралы ақпарат алу;
✔️ мемлекеттік бақылау мәніне қатысты құжаттарды, мәліметтерді және түсініктемелерді ұсыну;
✔️ мемлекеттік бақылау нәтижелерімен танысу;
✔️ лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және мемлекеттік бақылау нәтижелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасау.
Сонымен қатар ұйымдар:
🔹 мемлекеттік бақылау мәніне қатысты құжаттарды, мәліметтерді және материалдарды ұсынуға;
🔹 заңды негіздер болған жағдайда лауазымды адамдардың бақылау объектісіне кіруін қамтамасыз етуге;
🔹 лауазымды адамдардың заңды талаптарын орындауға;
🔹 анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоюға міндетті.
Бақылау процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін сақтау заңдылықты, ашықтықты қамтамасыз етуге және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру сапасын арттыруға ықпал етеді.








