
Бүгін Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Күзгі кураторлар кеңесі өтті.
Кездесуге құқық қорғау, экономикалық қауіпсіздік, адам құқықтарын қорғау, діни саясат, әскери-патриоттық тәрбие, азаматтық қорғау және медицина салаларының өкілдері қатысып, өзара пікір алмасты. Іс-шараға ҚР Адам құқықтарын қорғау жөніндегі ШҚО бойынша өкілдігінің бас маманы М.Ш. Ақпаева , сондай-ақ «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының мүшесі Ә.Н. Карибаев та қатысты.
Кездесу барысында студенттердің құқықтық сауаттылығы, құқық бұзушылық пен интернет-алаяқтықтың алдын алу, лудомания, діни экстремизмнің алдын алу, патриоттық тәрбие, қауіпсіздік және денсаулық мәселелері талқыланды.
Іс-шара соңында қатысушылар сұрақтарын қойып, пікір алмасты.









