2026 жылы Ақтау қаласы Экономикалық ынтымақтастық ұйымының туристік астанасы болып жарияланды

    2026 жылы Ақтау қаласы Экономикалық ынтымақтастық ұйымының туристік астанасы болып жарияланды

    2026 жылы Ақтау қаласы Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) туристік астанасы мәртебесіне ие болды. Бұл туралы 29 сәуірде ЭЫҰ-ның туризм мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі сарапшылар тобының IX отырысында жарияланды.

    27–29 сәуір аралығында өткен кездесуде туризмді дамыту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, трансшекаралық туристік маршруттарды қалыптастыру, инвестициялар тарту және ұйымға мүше мемлекеттердің туристік әлеуетін ілгерілету мәселелері талқыланды.

    Ақтауға берілген бұл мәртебе өңірдің халықаралық туристік имиджін нығайтып, жаңа инвестициялар тартуға, туристік ағынды ұлғайтуға және халықаралық серіктестікті дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" жаңалықтары