
2026 жылы Маңғыстау туризм колледжінде «New Tourism College: дамудың заманауи сатысы» атты облыстық форум өтті. Форум аясында колледждің жаңартылған бренді мен жаңа даму стратегиясы таныстырылып, кәсіптік білім беру жүйесіне инновациялық және цифрлық жобаларды енгізу мәселелері талқыланды.
Іс-шараға білім беру ұйымдарының басшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, бизнес қауымдастық, әлеуметтік серіктестер, ІТ-мамандар, студенттер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Форум барысында жасанды интеллект негізіндегі «Дұрыс тамақтану» Telegram-боты таныстырылып, үш колледждің бірлескен жобасы ұсынылды, сондай-ақ ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылып, жаңа стартаптар таныстырылды.
Форумда туризм саласы үшін білікті кадрлар даярлаудың маңыздылығы ерекше аталып, Маңғыстау туризм колледжінің өңірдегі туризм индустриясына қажетті мамандарды даярлаудағы рөлі көрсетілді.







