
026 жылғы 30 шілдеде Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде және оның бөлімшелік басқармалары қызметкерлерінің қатысуымен жеке және заңды тұлғаларды қабылдауға арналған өтініштерді тіркеу мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және тіркеу тәртібін түсіндіру, құжаттарды ресімдеу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру болды. Семинар барысында «Жеке және заңды тұлғаларды қабылдауға өтініштер» түріндегі өтініштерді тіркеу тәртібі, оларды ақпараттық жүйеде дұрыс ресімдеу, қабылдау мерзімдерін сақтау, сондай-ақ өтініштерді қарау барысында туындайтын тәжірибелік мәселелер талқыланды. Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, өтініштерді тіркеу кезінде заңнама талаптарын қатаң сақтау және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша ұсынымдар берілді.









