📚 10 ТАМЫЗ – АБАЙ КҮНІНЕ ОРАЙ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

    📚 10 ТАМЫЗ – АБАЙ КҮНІНЕ ОРАЙ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

    10 тамыз – Абай күніне орай және Игі істер марафоны аясында Абай саябағында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

    Экологиялық акцияға 30 ерікті қатысып, саябақ аумағын қоқыстан тазартып, шамамен 700 келіге жуық тұрмыстық қалдық жинады.

    Іс-шараның мақсаты – қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоғамдық орындардың тазалығын сақтаудың маңызын насихаттау.

    Еріктілер бұл игі іс арқылы табиғатты аялау мен туған қаланың тазалығына үлес қосу – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін іс жүзінде көрсетті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласының жастар саясаты басқармасы" КММ" жаңалықтары