Энтеровирустық инфекциялардың алдын алу

    Энтеровирустық инфекциялардың алдын алу
    Энтеровирустық инфекциялар – көбіне жаз-күз мезгілінде жиі кездесетін жұқпалы аурулар. Инфекция лас қол, ластанған су мен тағам арқылы, сондай-ақ науқас адаммен тығыз байланыс кезінде жұғуы мүмкін. Ауру балалар арасында жиі тіркелгенімен, ересектер де жұқтыруы ықтимал.
    Энтеровирустық инфекцияның негізгі белгілері – дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, тамақтың ауыруы, бас ауруы, жүрек айну, құсу, іштің ауыруы және іш өту.
    Аурудың алдын алу үшін:
    * қолды сабынмен жиі жуу;
    * тек қауіпсіз ауыз суды пайдалану;
    * жеміс-жидек пен көкөністі мұқият жуу;
    * тағамдарды дұрыс сақтау және термиялық өңдеу;
    * рұқсат етілмеген су айдындарында шомылмау және су жұтып қоймау;
    * науқас адамдармен байланысты шектеу;
    * үй-жайларды жиі желдетіп, ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу қажет.
    Ауру белгілері пайда болған жағдайда өзін-өзі емдеумен айналыспай, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет.
    Энтеровирустық инфекциялардың алдын алу – әр адамның жеке бас гигиенасын сақтауы мен санитариялық талаптарды орындауына байланысты.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары