Қызылорда қаласының орталық алаңында өткен Open Air ашық аспан астындағы концертке 20 мыңнан астам тұрғын мен қала қонақтары қатысты. Іс-шара барысында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Төтенше жағдайлар департаментінің 500-ге жуық қызметкері күшейтілген режимде қызмет атқарды. Концерт басталар алдында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмылдырылған жеке құрамның қатысуымен гарнизондық саптық жиын өткізіліп, қызметкерлерге нақты міндеттер жүктелді. Концерт барысында полиция қызметкерлері адамдар көп шоғырланған аумақтарды үздіксіз бақылауда ұстап, құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қозғалысын реттеу және кез келген төтенше жағдайға жедел ден қою бағытында қызмет атқарды. 🚨 Сонымен қатар, іс-шара кезінде ата-анасынан адасып қалған 80-ге жуық бала полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде дер кезінде табылып, аман-есен ата-аналарына қайтарылды. Полиция қызметкерлерінің үйлесімді әрі кәсіби жұмысының нәтижесінде концерт жоғары деңгейде өтіп, қоғамдық тәртіп бұзылмай, тұрғындар мен қала қонақтарының қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілді. ✨ Кештің шарықтау сәтінде 500-ден астам дронның қатысуымен ұйымдастырылған әсерлі жарық шоуы көрермендерге ерекше әсер сыйлап, мерекелік кештің жарқын қорытындысына айналды.
Open Air: Қызылорда облысы полиция департаменті 20 мыңнан астам көрерменнің қауіпсіздігін қамтамасыз етті
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

Елімізде 100 жастан асқан 44 зейнеткер бар
Жәнібек ауданының әкімдігіАшу
ТҮРКІСТАНДА «ОТБАСЫ – ҰЛТТЫҢ ТІРЕГІ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Түркістан облысының әкімдігіАшу
✔ Қарттар күніне орай төлем
Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміАшу
ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 3 МЫҢНАН ГЕКТАРДАН АСТАМ АЛҚАПҚА ЕНГІЗІЛГЕН
Түркістан облысының әкімдігіАшу
Даналық, құрмет және мейірімділік күнімен құттықтаймыз!
Ашу
"" жаңалықтары

Қызылордада оқушыларға арналған Ашық есік күні өтті
Ашу
Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Ашу«Таза Қазақстан»: Қызылорда полицейлері тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуде
Ашу
TikTok-та балағат сөздер айтқан Қызылорданың екі тұрғыны жауапқа тартылды
Ашу
Қызылорда облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
Ашу