Зейнетақы жинақтарын тұрақты түрде қалыптастыратын қазақстандықтардың саны артып келеді

    Зейнетақы жинақтарын тұрақты түрде қалыптастыратын қазақстандықтардың саны артып келеді

    Қазақстанда азаматтардың лайықты зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты саналы көзқарасы жыл санап дамып келеді. Бұл үрдіс басқа елдерде әлдеқашан қалыптасқан тәжірибе. Зейнетақы жинақтарын өзінің қартайған кездегі әл-ауқат деңгейіне тікелей әсер ететін ұзақмерзімді қаржылық капиталыретінде қабылдайтын азаматтар саны көбеюде. Бұған зейнетақы жинақтары көлемінің серпінді өсуі, халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен (ЖЗЖ) қамту ауқымының кеңеюі, зейнетақы жарналарын тұрақты төлейтін азаматтар санының артуы дәлел.

    Зейнетақы шоттары менондағыжинақтардыңөсуі

    2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қазақстандықтардың БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары28,09 трлн теңгегежетіп, бір жыл ішінде4,08 трлн теңгегенемесе17,0%-ғаөсті.

    ЖЗЖ дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі – зейнетақы шоттары санының тұрақты өсуі. 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-да18,78 млн зейнетақы шотыашылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда1,11 млннемесе6,3%-ғакөп. Олардың ішінде салымшылардың (алушылардың)12,80 млнжеке зейнетақы шоты бар. Оның ішінде11,36 млншот – міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ),786,27 мыңшот – міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ),462,40 мыңшот – ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша ашылған. Бұдан бөлек, БЖЗҚ-да жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) бойынша келіп түскен мәліметтер есепке алынатын5,97 млн шартты зейнетақы шотыашылған.

    Шоттар мен жинақтар туралы барлық ақпарат ашық әрі азаматтарға тәулік бойы, аптасына 7 күн қолжетімді. Оны БЖЗҚ-ның сайтындағы немесе мобильді қосымшасындағы жеке үзінді көшірмеден, сондай-ақ БЖЗҚ-ның өңірлік бөлімшелерінен алуға болады.

    Халықтың зейнетақы жарналарын төлеу белсенділігін қалайбағалаған жөн?

    Азаматтардың зейнетақы жарналарын төлеу белсенділігін бағалау кезінде бірқатар маңызды жайттарды ескеру қажет. МЗЖ есепке алынатын шоттардың жалпы санына (11,36 млн)объективті себептерге байланысты жарналар түспейтіншоттар да кіреді. Оларға азаматтардың мынадай санаттары жатады:

    -зейнет жасына жетіп, зейнетақы төлемдерін алып жүрген және еңбек қызметін әрі қарай жалғастырып, табысы болған жағдайда да зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған зейнеткерлер;
    -мерзімсізуақытқабірінші және екінші топтағы мүгедектігі белгіленген адамдар;
    -2016 жылдан бастап толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға көшірілген әскери қызметшілер;
    -елден тыс жерлерге тұрақты тұруға көшіп кеткен, бірақ зейнетақы жинақтарын алуға жүгінбеген салымшылар;
    -қайтыс болған, ал мұрагерлері зейнетақы жинақтарына мұрагерлік рәсімін әлі ресімдемеген салымшылар;
    -Қазақстан заңнамасына сәйкес шоттарына зейнетақы жарналары түспеуі тиіс салымшылардың (алушылардың) басқа да санаттары.

    Сонымен қатар, әр адамның өмірінде зейнетақы жарналары төленуітиістабысы болмайтын объективтіжағдайларкездеседі. Оларға мыналар жатады:

    •оқу орындарында білім алу;
    •әскери қызмет өткеру;
    •балаға және туыстарына күтім жасау;
    •жұмыс іздеу және жұмыс ауыстыру кезеңдері;
    •шетелде жұмыс істеу;
    •жұмыстың маусымдық сипатына байланысты үзілістер;
    •күнтізбелік жыл ішінде табысы тұрақты түрде түспейтін жұмысты атқару;
    •ұзақ уақыт емделуге және оңалтуға байланысты кезеңдер.

    Сондықтан халықаралық тәжірибеде халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тартылуын бағалаудың жалпыға бірдей қабылданған әрі неғұрлым объективті көрсеткіштері ретінде табыс алатын азаматтардың саны және сәйкесінше жыл ішінде кемінде бір жарна түскенбелсенді жеке зейнетақы шоттарыныңсаны қарастырылады.

    Тек 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында мұндай шоттардың саны7,20 млн-нан 7,34 млн-ғадейін, яғни150,3 мыңшотқа артты.Сәйкесінше,бұл шоттардағы зейнетақы жинақтарының көлемі де өсті. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында олардың көлемі20,95 трлн теңгеден 22,24 трлн теңгегедейін, яғни шамамен1,29 трлн теңгегенемесе6,2%-ғаұлғайды.

    Белсенді шоттардың негізгі бөлігі тұрақты еңбек қызметін жүзеге асыратын және МЗЖ-ны жүйелі түрде төлейтін азаматтарға тиесілі. Олардың саны алты ай ішінде6,77 млн-нан 6,93 млн-ғадейін өсті, ал осы шоттардағы жинақтар20,10 трлн теңгеден 21,07 трлн теңгегедейін ұлғайды.

    Зейнетақы жарналарын төлеудің тұрақтылығы мен толықтығы

    ЖЗЖ-ға қатысу ұзақтығынан бөлек, жеткілікті зейнетақы жинақтарын қалыптастырудың маңызды факторларының бірі – жарналардытұрақты әрі толық көлемдетөлеу.

    Қазақстанда бір жыл ішіндегі МЗЖ төлеудің орташа тұрақтылық көрсеткіші біртіндеп өсіп келеді:

    -жалдамалы қызметкерлерарасында бұл көрсеткіш 2024 жылғы 8,95 жарнадан 2025 жылы 8,98 жарнаға дейін өсті;

    -өзін-өзі жұмыспен қамтығандарарасында 7,36-дан 7,53 жарнаға дейін артты.

    Бұл ретте 2025 жылыжалдамалы қызметкерлердің 80%-ыжәне өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың 64%-ы зейнетақы жарналарын жылына6-дан 12 реткедейін аударған.

    2025 жылыжарналардың орташа мөлшері жалдамалы қызметкерлерарасында43 661 теңгеніқұрады. Бұл республика бойынша орташа жалақы деңгейіндегі табыстантөленетін жарна мөлшеріменүйлеседі.Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарарасында бұл көрсеткіш23 225 теңгеболды, бұл ең төменгі жалақыдан жоғары, алайда медиандық жалақыдан төмен табыстантөленетінжарнаныкөрсетеді.

    Ұзақ мерзімді динамика да халықты ЖЗЖ-мен қамту деңгейінің және МЗЖ төлеу тәртібінің біртіндеп жақсарып келе жатқанын көрсетеді. Егер 2015 жылы МЗЖ есепке алынатын белсенді шоттардың саны6,07 млнболса, 2025 жылы олардың саны7,20 млн-нанасты. Жарналарды жылына 6-дан 12 ретке дейін төлейтін азаматтардың үлесі 2015 жылғы 71%-дан 2025 жылы 78%-ға дейін өсті. Тиісінше, жарналардыжүйелітүрдеемес, яғни жылына 1-ден 5 ретке дейін аударатын азаматтардың үлесі 29%-дан 22%-ға дейін төмендеді.

    Зейнетақы жарналарының салымшылар табысының деңгейіне тәуелділігі

    Салымшылардың табыс деңгейіне қарай МЗЖ есепке алынатын белсенді жеке шоттардың құрылымында да оң өзгерістер байқалады.

    2025 жылдың қорытындысы бойынша (2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай) ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) төмен табыстан жарна төленетін шоттардың үлесі 12%-дан 9%-ға дейін қысқарды. Мұндай шоттардың саны 838,3 мыңнан 652,4 мыңға дейін, яғни 22,2%-ға азайды. Олардың қатарынажұмыс күнітолық емеснемесе ауысымдықжұмыспен қамтылғансалымшылар жатады.

    Сонымен бірге жоғарымөлшердегітабыстан жарна түсетін шоттардыңдасаны артты. 2025 жылдың қорытындысы бойынша медиандық жалақыдан орташа айлық жалақыға дейінгіаралықтағы табысы бар белсенді шоттардың үлесі 44%-дан(2025 жылғы 1 қаңтардағы)45%-ға(2026 жылғы 1 қаңтарда)дейін өсті. Ал мұндай белсенді шоттардың саны 3,17 млн-нан 3,28 млн-ға дейін артты.

    Бұл динамикаресми жұмыспен қамтужәнетабыстың өсуінғана емес, азаматтардың өз табыстарынан жарналардыашық әрі толық көлемдетөлеу арқылы қалыптастыруға ұмтылысын да көрсетеді.

    2025 жылдың қорытындысы бойыншажалдамалы қызметкерлердің жүйемен қамтылу деңгейі 91%-ғажетті. Бұл олардың толықдерлікқамтылғанын және зейнетақы жинақтарын қалыптастырудағыбелсенділіктерінкөрсетеді.

    Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында қамту деңгейі төменірек. Осыған байланысты халықаралық оң тәжірибені ескере отырып, оларды зейнетақы жүйесіне тарту бойынша кешенді шараларды іске асыру қажет. Бұласамаңызды, өйткені базалық зейнетақы мөлшері де еңбек өтіліне байланысты. Ал еңбек өтілі БЖЗҚ-ға МЗЖ-ның ай сайын түсуі негізінде айқындалады.

    Осылайша, қазіргі жағдайдазейнетақы жинақтарын қалыптастырузейнеткерлікке шыққаннан кейінгітабысты қамтамасыз ету тетігі ғана емес, сонымен қатарқоғамның қаржылық мәдениеті мен азаматтардың қаржылық дербестігініңмаңызды элементіне айналып келеді.

    Азаматтар өз шоттарының жай-күйінүнемібақылап, БЖЗҚ-ның электрондық сервистерін пайдаланады, инвестициялықкірісті қадағалап,зейнетақы активтерін басқару мүмкіндіктерін зерделейді. Азаматтардың өз жинақтарын қалыптастыруға қатысуы, жарналарды тұрақты түрде төлеуі және жинақтарды басқаруға қызығушылық танытуы Қазақстанда ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау мәдениетінің біртіндеп қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Бұл ретте болашақтағы әл-ауқат үшін жауапкершілік мемлекет, жұмыс берушілер және азаматтардың өздері үшін ортақ міндетке айналуда.

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kz сайтында).

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының әкімдігі" жаңалықтары