
🔹 «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылы 4 тамызда Контрафактілік өнім сот қаулысы негізінде жойылды.
🔹Заңды күшіне енген сот қаулыларын орындау мақсатында Қостанай облысы Әділет департаменті Қостанай қаласының Мамандандырылған ауданаралық мәжбүрлеп орындату бөлімiмен бірлесіп, LEGO және Apple тауар белгілерімен таңбаланған контрафактілік өнімдерді жою жұмыстарын жүргізді.
🔹Іс-шара барысында жалпы құны 269 550 теңгені құрайтын 433 дана контрафактілік өнім жойылды.
🔹Контрафактілік тауарларды жою – зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың, заңсыз тауар айналымының алдын алудың және заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етудің тиімді шараларының бірі.
🔹Қостанай облысы Әділет департаменті контрафактілік өнімдерді өндіру, сақтау және өткізу құқық иеленушілердің құқықтарын бұзатынын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі









