
🔹 «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылы 4 тамызда Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова Қостанай облысы әкімдігі жанындағы Азаматтарды қабылдау орталығында азаматтарды жеке қабылдады.
🔹Қабылдауға келген барлық азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсіндірмелер беріліп, сондай-ақ жаңа Конституцияның негізгі ережелері мен маңызы қосымша түсіндірілді.
🔹Жеке қабылдаулар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында халықпен кері байланысты едәуір нығайтуға және азаматтардың өтініштері мен сұраныстарына уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі








