САЛЫҚ КҮНТІЗБЕСІ 2026 жылдың тамызы

    САЛЫҚ КҮНТІЗБЕСІ 2026 жылдың тамызы

    САЛЫҚ ЕCЕПТІЛІКТЕРІ:

    17 тамызға дейін:

    101.03 нысаны – 2026 жылдың II тоқсанындағы резиденттің кірісінен төлем көзінен ұсталған КТС бойынша есептеу;

    101.04 нысаны – 2026 жылдың II тоқсанындағы бейрезиденттің кірісінен төлем көзінен ұсталған КТС бойынша есептеу;

    200.00 нысаны – 2026 жылдың II тоқсанындағы ЖТС және әлеуметтік салығы бойынша декларация;

    300.00 нысаны – 2026 жылдың II тоқсанындағы ҚҚС бойынша декларация;

    400.00 нысаны – 2026 жылдың маусым айындағы акциз бойынша декларация;

    500.00 нысаны – 2026 жылдың II тоқсанындағы жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері бойынша декларация;

    510.00 нысаны – 2026 жылдың II тоқсанындағы қол қойылатын бонус бойынша декларация;

    531.00 нысаны – 2026 жылдың II тоқсанындағы заттай нысандағы салықтық міндеттемені орындау бойынша декларация (есептеу);

    590.00 нысаны – 2026 жылдың II тоқсанындағы пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық және ілеспе төлемдер бойынша декларация;

    641.00 нысаны – 2026 жылдың II тоқсанындағы аударымдарды есептеу;

    701.01 нысаны – мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу;

    710.00 нысаны – 2026 жылдың II тоқсанындағы ойын бизнесі салығы бойынша декларация;

    860.00 нысаны – 2026 жылдың II тоқсанындағы су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларация;

    870.00 нысаны – 2026 жылдың II тоқсанындағы қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша декларация;

    880.00 нысаны – 2026 жылдың II тоқсанындағы цифрлық майнинг үшін төлемақы бойынша декларация;

    910.00 нысаны – оңайлатылған декларация негізінде ААР қолданатын салық төлеушілерге арналған 2026 жылдың I жартыжылдығындағы декларация.

    20 тамызға дейін:

    328.00 нысаны – 2026 жылдың шілде айындағы тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;

    851.00 нысаны – жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ағымдағы төлемдер сомасын есептеу;

    870.00 нысаны – қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша декларация.

    ТӨЛЕМДЕР:

    5 тамызға дейін:

    Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың 2026 жылдың шілде айындағы кірістері бойынша ЖТС.

    17 тамызға дейін:

    Интернет-платформа операторы аударатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған ААР бойынша 2026 жылдың шілде айындағы ЖТС.

    20 тамызға дейін:

    ЕАЭО аясындағы 2026 жылдың шілде айындағы ҚҚС;

    ЕАЭО елдерінен импортты қоса алғанда, акциз;

    Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы.

    24 тамызға дейін:

    2026 жылдың шілде айында бейрезиденттердің бөлек санаттарына төленген кірістерден ұсталатын ЖТС.

    25 тамызға дейін:

    КТС – 2026 жылдың тамыз айындағы аванстық төлемдер;

    Резиденттің кірісінен төлем көзінен ұсталған КТС;

    Төлем көзінен ұсталған ЖТС;

    Бейрезиденттердің кірістерінен төлем көзінен ұсталған КТС;

    Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған ААР бойынша 2026 жылдың шілде айындағы ЖТС;

    Оңайлатылған декларация негізінде ААР қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация бойынша 2026 жылдың I жартыжылдығындағы КТС (ЖТС);

    2026 жылдың II тоқсанындағы ҚҚС;

    2026 жылдың II тоқсанындағы экспортқа салынатын ренталық салық;

    Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем;

    Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық;

    Заттай нысандағы салықтық міндеттемені орындау бойынша ағымдағы төлемдер;

    2026 жылдың шілде айындағы әлеуметтік салық;

    Мүлік салығы;

    2026 жылдың II тоқсанындағы ойын бизнесі салығы;

    Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;

    Су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;

    Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы;

    Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы;

    2026 жылдың тамыз айындағы сыртқы (визуалды) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы;

    2026 жылдың II тоқсанындағы цифрлық майнинг үшін төлемақы;

    2026 жылдың шілде айындағы бірлескен төлем;

    2026 жылдың шілде айындағы әлеуметтік төлемдер (МЗЖ, МКЗЖ, ЖМЗЖ, ӘА, МӘМС, МӘМСЖ).

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары