Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Арал ауданында тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру, интернет алаяқтығы мен қаржы пирамидаларының алдын алу, сондай-ақ қоғамда заң үстемдігін нығайту. Шараға Қызылорда облысы бойынша ЭТТД өкілдері, аудан әкімінің орынбасары және 200-ден астам аудан тұрғындары қатысты. Азаматтарға цифрлық алаяқтықтан қорғану және қаржылық шешім қабылдау кезінде сақтық шараларын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, мамандардан жан-жақты жауап алды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.





