Ауылдық жерлерде шағын кәсіпкерлікті дамыту

    Ауылдық жерлерде шағын кәсіпкерлікті дамыту

    Ауылда күнделікті тұрмысқа қажетті тауарларды сатып алуға арналған тағы бір қолайлы орынға айналатын жаңа дүкеннің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа сауда нысаны ауыл тұрғындарына қолжетімді бағамен азық-түлік және тұрмыстық тауарлардың кең ассортиментін ұсынады. Іс-шараға ауыл тұрғындары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және ауыл ақсақалдары қатысты. Шағын бизнестің дамуы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және бірінші кезектегі қажетті тауарлардың қолжетімділігін жақсартуға ықпал етеді. Жеке кәсіпкер Қаймолдина Ж.-ның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарын сапалы өніммен қамтамасыз ету, жайлы қызмет көрсету және қолжетімді бағалар ұсыну. Дүкеннің ашылу құрметіне алғашқы сатып алушылар үшін мерекелік жеңілдіктер мен сыйлықтар ұйымдастырылды. Жаңа дүкеннің ашылуы ауыл тұрғындары үшін маңызды оқиға болып, елді мекендегі кәсіпкерлік пен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудағы кезекті қадамға айналды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Нұра ауданы Шахтер ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары