
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 80-бабына сәйкес кедендік алымдарды төлеуден босатылатынын хабарлайды:
- жүктерді, багажды және жолаушыларды тұрақты халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдары, сондай-ақ жол жүру кезінде, аралық аялдама пункттерінде пайдалану үшін қажетті немесе осы көлік құралдарының авариясын (бұзылуын) жоюға байланысты шетелден сатып алынған материалдық-техникалық жабдықтау нәрселері, керек-жарақтар, отын, азық-түлік және басқа мүлік;
- теңіз кәсіпшілігін жүргізетін қазақстандық теңіз кемелерінің немесе қазақстандық тұлғалар жалдаған (жалға алған) теңіз кемелерінің өндірістік қызметін қамтамасыз ету үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкетілетін материалдық-техникалық жабдықтау нәрселері, керек-жарақтар, отын, азық-түлік және басқа мүлік, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін олардың кәсіпшілік өнімдері;
- ұлттық және шетел валютасының банкноттары мен монеталары (мәдени-тарихи құндылықты білдіретін банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздар;
- акцизделетін тауарларды қоспағанда, гуманитарлық көмек ретінде әкелінетін тауарлар;
- акцизделетін тауарларды қоспағанда, техникалық жәрдем көрсетуді қоса алғанда, мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық ұйымдар желісі бойынша қайырымдылық көмек мақсаттарында әкелінетін (медициналық мақсаттарға арнайы арналған жеңіл автомобильдерден басқа) тауарлар;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның филиалдары, өкілдіктері мен ұйымдары ақша белгілерін жасау үшін әкелетін шикізат;
- шетелдік дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктердің, консулдық мекемелердің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдардың, оған қоса олармен бірге тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын отбасы мүшелерінің жеке пайдалануы үшін әкелінетін және әкетілетін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес босатылатын тауарлар;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған, мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар желісі бойынша берілген гранттардың қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар босатылады. Тауарларды мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кедендік декларациялау үшін кедендік алым төленбейді.
Осы бапта көрсетілген кедендік алымдар салудан босату үшін құжаттар ұсыну тәртібін уәкілетті орган айқындайды.








