
Спорттық шара салауатты “Саптағы заңдылық” профилактикалық іс-шара аясында ұйымдастырылып, өмір салтын насихаттауға, қызметкерлердің дене дайындығын нығайтуға, «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілетуге және «Арлан» спорт клубының қызметін дамытуға бағытталды.
Жарыс қорытындысы бойынша Әл-Фараби ауданының полиция басқармасы 1-орынды иеленді.
2-орын жедел қызмет бөлімшелеріне, 3-орын Еңбекші ауданының полиция басқармасына бұйырды. Арнайы мақсаттағы бөліністер арасындағы жарыста ЖҚАЖ командасы жеңімпаз атанды.
Жекелей сында «Үздік ЖҚАЖ қызметкері» Нұрлыбек Жылқыбаев, ал «Үздік жедел қызметкер» Байыс Ұлықбек атанды.









