Алмалы ауданында «Күміс алқа» мемлекеттік наградалары табысталды

    Алмалы ауданында «Күміс алқа» мемлекеттік наградалары табысталды

    Алмалы ауданы әкімдігінде «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Отбасы институтын нығайтуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосқан сегіз көпбалалы ана осы жоғары марапатқа ие болды.

    Ана – берекелі отбасы мен кемел қоғамның тірегі. «Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді» деген нақыл сөз ананың қоғамдағы ерекше орнын айқын көрсетеді. Аналардың мейірімі, қамқорлығы, төзімі мен бала тәрбиесіне арнаған өлшеусіз еңбегі зор құрмет пен шынайы алғысқа лайық.

    Марапат иелеріне жанқиярлығы, даналығы және балаларына деген шексіз сүйіспеншілігі үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Ұл-қыздарыңыз үміттеріңізді ақтап, елінің мақтанышына айналатын абыройлы азамат болып өссін деген ізгі тілегімізді білдіреміз.

    Отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, шаттық пен зор денсаулық тілейміз. «Күміс алқа» мемлекеттік наградасының иегері атануларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа құт-береке, жылулық пен толайым қуаныш тілейміз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алмалы ауданы Әкімінің аппараты" жаңалықтары