«Таза Қазақстан» «Заң мен Тәртіп» экологиялық акциясы

    «Таза Қазақстан» «Заң мен Тәртіп» экологиялық акциясы

    30 шілде күні «Таза Қазақстан» «Заң мен Тәртіп» экологиялық акциясы аясында Еңбекші ауылдық округінде кезекті рейдтік іс-шара өткізілді.

    Іс-шара барысында елді мекендердің көшелері, қоғамдық орындары және тұрғын үйлердің іргелес аумақтарының санитарлық жағдайына бақылау жүргізілді. Сонымен қатар, қоршаған ортаның ластануына жол бермеу, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға шығару және тазалық талаптарын сақтау жөнінде тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

    Рейдтің мақсаты қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, тазалық мәдениетін қалыптастыру және тұрғындардың қоршаған ортаны таза ұстауға деген жауапкершілігін арттыру болып табылады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Көксу ауданы Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары