Қытай Халық Республикасының Сучжоу қаласында 12-20 шілде аралығында өткен экономикадан халықаралық олимпиадада (International Economics Olympiad, IEO 2026) қазақстандық оқушылар жоғары нәтиже көрсетті. Әлемнің 61 елінен 300-ге жуық дарынды оқушы қатысқан беделді білім додасында Қазақстан құрамасы бір алтын, үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды.
• Мұхтархан Батырхан - Астана қаласы Нұра ауданындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы, алтын медаль жеңіп алып, халықаралық экономика олимпиадасының екі дүркін алтын жүлдегері атанды.
• Кемелов Динмухаммед - Алматы қаласы Медеу ауданындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы, күміс медаль.
• Жапаров Альтаир - Алматы қаласы Медеу ауданындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы, күміс медаль.
• Сұлтанбек Аружан - Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы, күміс медаль.
• Қуанышбек Темірлан - Алматы қаласы Медеу ауданындағы NIS-тің 10-сынып оқушысы, қола медаль.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








