Онлайн өтінімді 13 шілде сағат 09:00-ден 20 шілде сағат 18:00-ге дейін беруге болады.

Биыл қызмет жаңартылды: жүйе талапкерге конкурстан тыс мемлекеттік білім беру грантының тағайындалған-тағайындалмағанын автоматты түрде тексереді. Егер грант бұрыннан тағайындалған болса, өтінім беру кезінде пайдаланушыға тиісті хабарлама көрсетіледі және қайта өтінім беру талап етілмейді.

eGov Mobile мобильді қосымшасында өтінім беру үшін:
- «Білім» бөліміне өтіңіз;
- «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға білім беру гранттарын тағайындау, сондай-ақ әлеуметтік қолдау көрсету» қызметін таңдаңыз;
- өтінімді толтырып, қажетті құжаттарды тіркеңіз және өтінішке қол қоюдың қолжетімді тәсілдерінің бірі арқылы қол қойыңыз.

Өтінім берілгеннен кейін конкурсқа қатысу туралы анықтама Жеке кабинеттегі «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде қолжетімді болады. Конкурс нәтижелері 10 тамыздан кешіктірілмей Жеке кабинетте жарияланады.

Қажет болған жағдайда өтінімді мәртебе бетінде кері қайтарып, жаңасын беруге болады.

Толық қадамдық нұсқаулық карусельде ұсынылған.