Қазақстанда жаңа стратегиялық автомобиль жолдарының құрылысы басталды

    ·
    Қазақстанда жаңа стратегиялық автомобиль жолдарының құрылысы басталды

    3 тамызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телекөпір форматында бірқатар ірі автомобиль жолдарының құрылысын бастады.

    Негізгі жобалардың бірі – ұзындығы шамамен 800 км Бейнеу–Сексеуіл автожолы. Жаңа бағыт Қытай шекарасын Ақтау және Құрық порттарымен тікелей байланыстырып, Қытай–Еуропа бағытын шамамен 1 000 км-ге қысқартуға және жүктерді жеткізу уақытын 3 күнге дейін азайтуға мүмкіндік береді.

    Сонымен қатар Қызылорда–Сексеуіл және Ұлғайсын–Сексеуіл жолдары жаңғыртылады. Жобалар Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы маңызды көлік-логистикалық хаб ретіндегі рөлін одан әрі нығайтады.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары