Тұрғындардың өтініші – басты назарда!

    Тұрғындардың өтініші – басты назарда!

    Бүгін Бауыржан Момышұлы ауылындағы Орталық саябақтың сенімгерлік басқарушысы – ЖК Tompaq өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

    Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Қайрат Есенбекұлы Жатқанбаев, ауыл әкімі Ратбек Қанатбекұлы Көсембаев, құрылыс бөлімінің өкілі Тимур Қалдыбаев және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің өкілі Фархат Мәлікбай қатысып, саябақтың қазіргі жай-күйіне комиссиялық зерделеу жұмыстарын жүргізді.

    Айта кетейік, Орталық саябақ 2025 жылдан бастап 5 жыл мерзімге ЖК Tompaq компаниясының сенімгерлік басқаруына берілген. Сенімгерлік басқарушының міндетіне балалар ойын алаңдарының қауіпсіз әрі жарамды күйде болуын қамтамасыз ету, бүлінген нысандарды уақытылы жөндеу, жасыл желекті күтіп-баптау және суару, сондай-ақ саябақ аумағының санитарлық тазалығын сақтау кіреді.

    Соңғы уақытта тұрғындар тарапынан саябақтағы тазалық пен күтіп-ұстау жұмыстарына қатысты бірқатар ұсыныстар мен сын-ескертпелер түскен болатын. Бүгінде көтерілген мәселелердің басым бөлігі шешімін тауып, саябақ аумағы ретке келтірілді.

    Жұмыс кездесуі барысында жауапты тараптарға анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде толық жою, абаттандыру және күтіп-ұстау жұмыстарын тұрақты әрі сапалы жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

    Алдағы уақытта Орталық саябақтың санитарлық тазалығы мен абаттандыру жұмыстары тұрақты бақылауда болады. Тұрғындарымыздың жайлы демалысы мен қауіпсіздігі – әрдайым басты назарда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жуалы ауданының әкімдігі" жаңалықтары