Қазақстанда азық-түлік өндірісінің ұлғаюы байқалады – Ауыл шаруашылығы министрлігі

    Қазақстанда азық-түлік өндірісінің ұлғаюы байқалады – Ауыл шаруашылығы министрлігі

    Тамақ өнеркәсібі тұрақты оң серпін көрсетуде. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді.

    Ол өсім негізгі азық-түлік өнімдерінің барлық түрлері бойынша байқалатынын атап өтті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша азық-түлік өндірісінің көлемі 4 трлн теңгеге жетіп, 8,4%-ға артты.

    2026 жылдың бірінші жартыжылдығында сала жоғары өсу қарқынын сақтап, өндіріс көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,7%-ға ұлғайды.

    «Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі де тұрақты оң динамика көрсетіп, 1,6 трлн теңгеге жетті, бұл өткен жылдың деңгейінен 46%-ға жоғары. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында АӨК-тің негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 926 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 55%-ға артты», — деді Азат Сұлтанов.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі" жаңалықтары