
Ағымдағы жылдың 7 айында қызылшаның 490 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, 14 жасқа дейінгі ауырған балалардың үлес салмағы 87% -ды құрады.
Ауру вакцинация алмаған балалар арасында тіркелді, олар 84,8% немесе 416 адамды құрады. Олар келесі себеппен егілмеген: бас тарту - 44,4%, жасына байланысты - 33,1%, медициналық қарсы көрсетілім - 11,7% және егу мәртебесі 10,5% белгіленбеген.
Облыстық көрсеткіштердің артуымен негізгі сырқаттанушылық Қарағанды, Балқаш қалаларында, Осакаров, Шет, Бұқар Жырау аудандарында байқалды.
"Қазақстан Республикасындағы қызылша бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі шаралар туралы" ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 19.02.2026 жылғы № 3 қаулысына сәйкес иммундауды жүргізу нәтижесінде ағымдағы жылдың шілде айынан бастап қызылшамен сырқаттанушылықтың тұрақтануы байқалды. Осылайша, 6 жастағы балаларды ҚҚП қамту 47,4% -ды құрады, қосымша жаппай иммундау шеңберінде 6 айдан 11 айға дейінгі балалардың - 2341 (54,0%) егілді, 2 жастан 5 жасқа дейінгі тазартатын иммундаумен - 1778 (73%), толықтыра иммундаумен – 3490 (81,7%) қамтылды.
Қызылша - бұл ауа-тамшылы инфекциялар тобына жататын жедел жұқпалы вирустық ауру. Ауру адамнан адамға ауа арқылы, тыныс алу жолдарының тамшыларымен немесе жұқтырған адамдардың мұрнынан немесе тамағынан секрециялармен тікелей байланыста болғанда беріледі.
Қызылша - адамның ең жұқпалы инфекцияларының бірі, өйткені инфекция көзімен байланысқаннан кейін адамдардың 90% - дан астамы ауырады.
Инфекциямен күресудің ең қолжетімді және тиімді әдісі - вакцинация. Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес балалар қызылшаға қарсы алғашқы егуді 1 жасында (12-15 айда), екінші егуді (ревакцинация) - 6 жаста алады. Қызылшаға қарсы вакцинаның әрбір дозасы баланың иммунитетін күшейтеді.
Аурудың кез келген белгілері пайда болған кезде келесідей қарапайым сақтық шараларын сақтау ұсынылады:
- науқас балаларды ұйымдасқан ұжымдарға (мектепке дейінгі мекемелер, кружоктар, мектептер және т.б.) апармау, ересектерге жұмыс орнына бармау, адамдар көп жиналатын орындарда жүрмеу, дәрігерді телефон арқылы үйге шақыру;
- дәрігер келгенге дейін туыстармен байланысты мейлінше азайту;
- жөтелгенде және түшкіргенде, орамалмен немесе майлықпен ауыз бен мұрынды жауып, қолды сабынмен және сумен жиі жуу немесе қолды тазарту үшін құрамында спирт бар құралдарды қолдану;
- тыныс алу органдарын қорғау құралдарын пайдалану, бір реттік маска кию;
- қызылшамен сырқаттанушылықтың тіркелу кезеңінде вакцина алмаған адамдарға, әсіресе балалар мен жүкті әйелдерге адамдар көп жиналатын жерлерге бармау.
Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қызылшаны жұқтырудың алдын алатын, сондай-ақ олардың асқынуларының ескертетін жалғыз тиімді құрал - тек вакцинация екенін еске салады.
Ауруды емдегеннен оның алдын алған дұрыс!








