Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары!

    ·
    Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары!

    Елімізде 2026 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтуде.

    Акцияның басты мақсаты әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына қолдау көрсетіп, олардың жаңа оқу жылына сапалы дайындалуына мүмкіндік жасау.

    Осыған орай, Талдықорған қаласының «Арбат» демалыс орынында мектепке қажетті оқу құралдары, кеңсе тауарлары, мектеп формасы мен аяқ киімдері қолжетімді бағамен ұсынылатын арнайы жәрмеңке ұйымдастырылды.

    Сонымен қатар, қайырымдылық жасап, бір баланың мектепке қуанышпен баруына үлес қосқысы келетін барша азаматтарды акцияға белсенді қатысуға шақырамыз.

    Егер сіз жаңа оқу жылына дайындық барысында көмекке мұқтаж оқушыға қолдау көрсеткіңіз келсе, төмендегі байланыс нөмірі арқылы қажетті ақпарат алып, көмекке мұқтаж балалардың тізімімен таныса аласыз.

    ☎️ Байланыс үшін:
    Талдықорған қалалық білім бөлімінің бас маманы
    Ұлжанат Әуелханқызы
    📞 +7 708 192 33 57

    Бір баланың қуанышы – баршамыздың ортақ қуанышымыз.
    Жақсылық жасаудан қалыс қалмайық!

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары