Автоматтандырылған бақылау: нені білу қажет?

    Автоматтандырылған бақылау: нені білу қажет?

    Автоматтандырылған бақылау – салық төлеушілердің жекелеген санатына жатқызылған салық төлеуші жазып берген электрондық шот-фактураға салық органының ақпараттық жүйесінде тіркеу нөмірін берудің автоматтандырылған процесі.

    Электрондық шот-фактураға тіркеу нөмірін беру кезінде автоматтандырылған бақылау операторының ақпараттық жүйесінде қосылған құн салығын төлеушінің салық шотының деректері (салық шоты) ескеріледі.

    Автоматтандырылған бақылау жүргізілетін салық төлеушілердің санаттарын уәкілетті орган бекітеді.

    Автоматтандырылған бақылау операторы – уәкілетті орган айқындаған, салық шотын:

    қосылған құн салығының баланстық сомасын есепке алу;

    электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін қамтамасыз ету шотына аударылған салық төлеушінің ақшасының сақталуын қамтамасыз ету;

    электрондық шот-фактураны жазып беру үшін пайдаланылған салық төлеушінің ақшасын бюджетке аударуды қамтамасыз ету;

    электрондық шот-фактураларды жазып беру үшін пайдаланылмаған салық төлеушінің ақшасын қайтару арқылы жүргізетін заңды тұлға.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары