Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Әулиекөл ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Көркейген өңір» атты мерекелік концерт өтті.



    Шығармашылық кеш аудан тұрғындарын бір арнаға тоғыстырып, оларға мерекелік көңіл күй, көтеріңкі рух пен жарқын әсер сыйлады. Әулиекөл аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әсерлі концерттік бағдарламасын ұсынып, әсем әндер мен көркем шығармашылық нөмірлер арқылы кештің көркін қыздырып, көрермендерге ерекше шабыт пен жылулық сыйлады.
    Әрбір өнер көрсетілімін көрермендер ыстық ықыласпен қол соғып қарсы алды. Кеш соңында жиналған қауым өнерпаздардың таланты мен кәсіби шеберлігіне, концерттік бағдарламаның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына ризашылықтарын білдірді.
    #ТазаҚазақстан

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Аманқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ" жаңалықтары