
🔹Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тобиас Бартц көлік-логистика салаларындағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективасын, сондай-ақ бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жайын талқылады.
🔹Мемлекет басшысы компанияның Қазақстандағы көлік байланысын нығайтуға ұзақ жылдан бері үлес қосып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар еліміз құрлықтың негізгі логистикалық хабына айналуды мақсат етіп отырғанын айтты.
🔹Кездесуде Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға баса назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев заманауи үлгідегі порттары, терминалдары, теміржолдары мен цифрлық сервистері бар бәсекеге қабілетті логистикалық бағытты бірлесе қалыптастыруға шақырды. Сондай-ақ Rhenus Group компаниялар тобының Ақтау портындағы мультимодальды хаб құрылысына қатысуын құптады.
🔹Тобиас Бартц Қазақстанның негізгі көлік-логистика торабы ретінде әлеуеті зор екеніне тоқталып, компанияның бірлескен жобаларға атсалысуға ниетті екенін жеткізді.
🔹Тараптар өзара тиімді ынтымақтастық бағыттарын кеңейтуге әзірлігін растады.
t.me/aqorda_resmi







