
🇰🇿 Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
✅ Қабылдау барысында электр бағаналарын жаңарту, күн электр станциясының жобасын жүзеге асыру, елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, тұрғын үй кезегі, жер қатынастары және ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған түзету орталығының жұмысына қатысты өзекті мәселелер көтерілді.
✅ Аудан әкімі әрбір өтініштің заң талаптарына сәйкес жан-жақты қаралатынын айтып, жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді. Жедел шешуді қажет ететін мәселелер бойынша тиісті жұмыстарды ұйымдастыру жүктелсе, қосымша зерделеуді қажет ететін ұсыныстар тұрақты бақылауға алынды.
🌿 Халықпен ашық диалог орнату, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен өтініштеріне дер кезінде ден қою – аудан әкімдігі жұмысының басты басымдықтарының бірі. Азаматтардың әрбір өтініші назардан тыс қалмайды.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі








