🔰 САУРАН: ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ – ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР НЕ БІЛУІ КЕРЕК?

    🔰 САУРАН: ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ – ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР НЕ БІЛУІ КЕРЕК?

    🔹 Үстіміздегі жылдың 29 шілде күні Сауран ауданында Жазатайым оқиғадан сақтандыру шартын жасамаған жұмыс берушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы кездесу өтті.

    🔹 Кездесу барысында Департаменттің «Еңбек заңнамасы бөлімінің» бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы Қаңлыбай Ернұр Сейтқалиұлы, Сауран ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Асылбек Дәуірхан Сейлбекұлы, Мансап орталығының директоры Нұрлыбек Қарабаев баяндама жасады.

    🔹 Кездесу барысында еңбек міндеттерін атқару кезінде жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың маңыздылығы, сақтандыру шартын уақтылы жасасу тәртібі, жұмыс берушілердің заңнамада көзделген міндеттері мен жауапкершілігі жан-жақты түсіндірілді.

    🔹 Сонымен қатар, қатысушыларға сақтандыру шарты болмаған жағдайда қолданылатын әкімшілік жауапкершілік шаралары, жұмыскерлердің құқықтарын қорғау тетіктері және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу бағытындағы талаптар туралы ақпарат берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары