
Медициналық-әлеуметтік сараптамаға азаматтарды негізсіз жіберудің алдын алу және профилактикасы мақсатында Департамент медициналық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізді.
Іс-шара барысында медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдамаларды ресімдеу кезінде жиі кездесетін қателіктер қарастырылып, қолданыстағы заңнама талаптары бойынша түсіндірмелер берілді, сондай-ақ медициналық құжаттаманы дайындау сапасын арттыруға бағытталған ұсынымдар ұсынылды.
Осындай іс-шараларды өткізу медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жолдамалар санын азайтуға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын арттыруға және мүгедектікті белгілеуге шын мәнінде мұқтаж азаматтардың әлеуметтік қолдау шараларын уақтылы алуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Департамент осы бағыттағы жүйелі жұмысты тұрақты негізде жалғастырады.








