
🟢 «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Құрық ауылына қарасты елді мекендерде үйінді құрылыс қалдықтарын жою жұмыстары жалғасуда.
Арнайы құрылған жұмыс тобы үйінді топырақтарды үйінің жанына жинаған тұрғын үй иелеріне, яғни, ағымдағы жылдың мамыр, маусым айларында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ескерту берген болатын. Заң талаптарына сәйкес арнайы техникалардың көмегімен құрылыс қалдықтары алынып үйінділерді жаю жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстар ауылдың санитарлық тазалығын сақтау, қоғамдық кеңістіктерді ретке келтіру және елді мекеннің көркін жақсарту мақсатында тұрақты түрде жүргізілуде.
Құрық ауылы әкімдігінің аппараты








