Жамбыл облысында 43 келіден астам есірткіні Алматыға апармақ болған тұрғын ұсталды

    Жамбыл облысында 43 келіден астам есірткіні Алматыға апармақ болған тұрғын ұсталды

    Жамбыл облысында 43 келіден астам есірткіні Алматыға апармақ болған тұрғын ұсталды

    Жамбыл облысында «Қарасора-2026» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында аса ірі көлемдегі есірткі тасымалының жолы кесілді.

    Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Қордай аудандық полиция бөлімінің инспекторлары «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының 215-шақырымында Hyundai Elantra автокөлігін тоқтатқан. Алайда жүргізуші тас жолдың жиегіне шығып, полициядан қашпақ болады. Анықталғандай, ол есірткілік масаң күйде болған және көлік құралын басқаруға құқығы болмаған.

    Көлікті тексеру кезінде Сэм атты қызметтік-іздестіру иті белгі берген. Тінту барысында автокөліктің жүк салғышынан жолаушыға тиесілі, үлкен қара пакеттерге салынған төрт қап есірткі заты табылды.

    Сараптама қорытындысына сәйкес жалпы салмағы 43 келіден астам кептірілген марихуана болып шықты.

    Тергеу барысында күдікті аса ірі көлемдегі есірткі затын Алматы қаласына жеткізбек болғанын айтты.

    Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Ал жүргізушіге қатысты көлік құралын басқару құқығынсыз және есірткілік масаң күйде жүргізгені үшін тиісті шара қолданылып, әкімшілік қамаққа алынды.

    Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Полиция департаменті" жаңалықтары