
🔹 Үстіміздегі жылдың 29 шілде күні Департаментпен бекітілген «Түркістан облысында қызметкерлердің жазатайым оқиғалардан сақтандыру туралы "Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ-ның өкілдерімен бірге түсіндірме жұмыстарын жүргізу» кестесіне сәйкес кездесу Отырар ауданында өтті.
🔹 Кездесуге Департаменттің «Еңбек заңнамасы бөлімінің» басшысы Сапарқұлов Ғалымжан, Отырар ауданы әкімінің орынбасары Құлмаханов Айдос Құлмаханұлы, Отырар аудандық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Жандарбеков Олжас Болатханұлы, Отырар аудандық мансап орталығының директоры Әбиев Ерболат Бекділлаұлы, "Мемлекеттік аннуитеттік компания" ӨСК" АҚ-ның өкілі Райымбек Айнель Алтынбекқызы және Отырар ауданында орналасқан кәсіпкерлік субъектірелінің басшылары, әкімдіктің дербес бөлім басшылары, кадрға жауапты мамандары қатысты.
🔹 Кездесу барысында Департаменттің бөлім басшысы Ғалымжан Сейдуәліұлы еңбек қатынастары саласындағы міндетті сақтандырудың маңыздылығы, жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес міндеттері, қызметкерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру талаптары мен оны сақтамаған жағдайда туындайтын жауапкершілік мәселелері туралы кеңінен түсіндіріп өтті.
🔹 Одан әрі, кездесуге қатысушы кәсіпорын иелері тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты заңға сәйкес жауаптар беріліп, ұсыныстар тыңдалды. Сонымен қатар, аудан әкімнің орынбасары Айдос Құлмаханұлы тарапынан құзырлы мекеме басшыларына көтерілген мәселелерді қатаң бақылауға алып, тиісті мерзімде орындалуын қадағалау бойынша тапсырма берілді.









