Сандықтау ауданында әкімдік отырысы өтті

    ·
    Сандықтау ауданында әкімдік отырысы өтті

    ️Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай аудан әкімдігінің отырысын өткізді.
    Отырыс барысында 2026 жылдың I жартыжылдығындағы Сандықтау ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, аудандық бюджеттің кірістер мен шығыстар бойынша орындалуы, мал шаруашылығын және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту мәселелері, сондай-ақ инвестиция тарту бағытында қабылданып жатқан шаралар қаралды.
    Отырыс қорытындысы бойынша аудан әкімі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің төмендеуіне жол бермеуді, жеке тұрғын үй құрылысының (ЖТҚ) іске асырылуын, өрт қауіпті кезеңнің өтуін және суға шомылу маусымының қауіпсіздігін тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
    Сонымен қатар алдағы жылыту маусымына дайындыққа ерекше назар аудару тапсырылды. Тұрғын үйлер мен әлеуметтік сала нысандарының жылу жүйелерін қысыммен сынау (опрессовка) жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтап, барлық жоспарланған дайындық іс-шараларының сапалы орындалуын қамтамасыз ету міндеті қойылды.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары