Байғанин ауданының әкімі Айбек Купенов тұрғындарды жеке қабылдады.

    ·
    Байғанин ауданының әкімі Айбек Купенов тұрғындарды жеке қабылдады.

    🔹 Қабылдаудың негізгі мақсаты – азаматтардың өтініштерін жеке қарап, өзекті мәселелерін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес шешу жолдарын айқындау және қажетті қолдау көрсету.

    🔹 Қабылдауға 18 тұрғын қатысып, үш сағатқа созылған кездесуде тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау көрсету, материалдық залалды өтеу, сондай-ақ өзге де жеке мәселелер бойынша өтініштер қаралды.

    🔹 Аудан әкімі әрбір тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді. Барлық өтініштер бақылауға алынып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес кезең-кезеңімен шешілетін болады.

    🔹 Байғанин ауданында тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешу және оларға қажетті қолдау көрсету бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда. Азаматтардың өтініштері назардан тыс қалмайды. Әрбір мәселе заңнама талаптарына сәйкес қаралып, тиісті шаралар қабылдау жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары