Қостанайда полицейлер тынысы тарылған баланы ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті

    Қостанайда полицейлер тынысы тарылған баланы ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті

    Қостанай қаласының патрульдік полиция қызметкерлері шұғыл медициналық көмекке мұқтаж болған баласы бар отбасыға дер кезінде көмек көрсетті.

    Қостанай қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Ғалымбек Данияр мен Темірлан Қаратаев АП-528 бағытында қызмет атқару барысында Дощанов және Майлин көшелерінің қиылысында ауладан жоғары жылдамдықпен шығып келе жатқан Kia Sportage автокөлігін байқайды.

    Көліктің асығыс қозғалғанын байқаған полицейлер оның себебін анықтау үшін арнайы жарық белгілерін қосып, автокөліктің соңынан ілескен.

    Көлікті тоқтатқан кезде жүргізушінің ауруханаға асығып бара жатқаны анықталды. Оның кішкентай қызының тынысы тарылып, шұғыл медициналық көмек қажет болған.

    Жағдайдың маңыздылығын түсінген полицейлер уақыт жоғалтпастан, автокөлікті Қостанай облыстық ауруханасына дейін патрульдік көлікпен алып жүруге шешім қабылдады.

    Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында бала медициналық мекемеге қысқа мерзімде және қауіпсіз жеткізілді. Осылайша жолдағы ықтимал кідірістердің алдын алып, балаға қажетті медициналық көмектің дер кезінде көрсетілуіне мүмкіндік жасалды.

    Полиция қызметкерлерінің басты міндеті – қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету ғана емес, қиын жағдайға тап болған азаматтарға кез келген сәтте көмек көрсету.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары