
2025 жылғы 23–25 сәуір аралығында Алматы қаласында өткен KITF-2025 халықаралық туристік көрмесінде Маңғыстау облысы өздерінің бай әрі әсем туристік әлеуетін жан-жақты таныстырды.
Көрменің басты жаңалықтарының бірі – Қытайдың “Осьминог” туристік компаниясымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылуы болды. Бұл құжат екіжақты туристік ағынды арттырып, жаңа бірлескен бағыттар қалыптастыруға жол ашады.
Маңғыстау облысының арнайы ұйымдастырылған стендінде келушілерге ұлттық тағамдар ұсынылып, өңірлік туроператорлар мен қонақүйлердің таныстырылымдары өтті. Қонақтармен тікелей байланыс орнатылып, өңірдің туристік ерекшеліктері кеңінен насихатталды.
Аталған көрмеге қатысу арқылы Маңғыстау облысы туризм саласын дамытуға толық дайын екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.









