Астанада өтіп жатқан халықаралық мультиспорттық «Болашақ ойындары – 2026» турнирі көрермен қызығушылығы бойынша жоба тарихындағы ең жоғары көрсеткішке жақындап келеді.
Жарыстың алғашқы төрт күнінің өзінде трансляциялар 85 миллионнан астам қаралымға қол жеткізді. Қазіргі қарқын сақталса, турнир аяқталғанға дейінгі жалпы аудитория көлемі 430-490 миллион қаралымға жетуі мүмкін.
Мұндай нәтижеге халықаралық медиасеріктестер желісінің айтарлықтай кеңеюі ықпал етіп отыр. Мәселен, биыл турнирдің медиасеріктестері саны 27-ден 54-ке, ал жарысты көрсететін стримерлердің саны 58-ден 120-ға дейін артты. Сонымен қатар трансляциялар 16-дан астам тілде жүргізіліп жатыр.
Турнир контенті Қытай, ТМД елдері, Латын Америкасы, Үндістан және әлемнің өзге де өңірлеріндегі жетекші телевизиялық және цифрлық платформалар арқылы таратылып жатыр. Негізгі серіктестер қатарында HUYA, BIGG TV, Play TV, XP Esports, VK, bilibili, Rutube және Douyu платформалары бар.
Көрермен аудиториясының артуына цифрлық платформалар да айтарлықтай ықпал етіп отыр. Алдыңғы турнирде барлық қаралымның шамамен 82 пайызы стримингтік сервистерге тиесілі болса, биыл бұл көрсеткіштің одан әрі өсіп келе жатқаны байқалады. Бұл фиджитал-форматтың жастар мен технологиялық аудитория арасында жоғары сұранысқа ие екенін көрсетеді.
Турнирдің ең жоғары көрермен көрсеткіштері алдағы финалдық жарыстар кезінде күтілуде. 5 тамызда Dota 2 турнирінің финалы өтсе, 8-9 тамызда Counter-Strike 2, Mobile Legends: Bang Bang және фиджитал-футбол жарыстарының жеңімпаздары анықталады. Сарапшылар дәл осы бәсекелер жалпы аудитория өсімінің негізгі драйверіне айналады деп болжап отыр.
«Болашақ ойындары – 2026» турнирінің Астанада ұйымдастырылуы Қазақстанның халықаралық деңгейдегі спорттық әрі технологиялық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізе алатын ел екенін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр. Миллиондаған шетелдік көрерменді қамтыған трансляциялар Қазақстанның халықаралық деңгейдегі танымалдылығын арттырып, еліміздің жаһандық фиджитал индустриясындағы позициясын нығайтуға ықпал етіп жатыр.
Еске сала кетейік, «Болашақ ойындары» – дәстүрлі спорт пен цифрлық технологияларды ұштастыратын халықаралық мультиспорттық турнир. Биылғы жарыс 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астана қаласында өтуде.
«Болашақ ойындары – 2026»: Астанадағы турнир жаһандық аудитория рекордын жаңартуға жақын
Ұқсас материалдар

Авторлық турлар: туристік сапарларды ұйымдастырушылар нені білуі керек?
Шығыс Қазақстан облысының туризм және инвестиция басқармасыАшу
Абай облысындағы әйелдер колониясында сотталғандар колледж оқытушыларын Ұстаздар күнімен құттықтады
Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіАшу
Халықаралық қарттар күні
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасыАшу
Қала әкімі аға буынды құттықтады
«Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММАшу
01 қазан - Халықаралық қарттар күні!
Жетісу облысы Алакөл ауданы Қызылащы ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі" жаңалықтары
ӘЙЕЛДЕР КҮРЕСІ: ЗЕЙНЕП БАЯНОВА АЗИАДАНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ АТАНДЫ
ҚР ТСМАшуЕДІГЕ ҚАСЫМБЕК АИЧИ-НАГОЯДАҒЫ ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ҚОЛА ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
ҚР ТСМАшуТАРИХИ МЕДАЛЬ! ТАМИРЛАН ТІЛЕУЛЕС - ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ЧЕМПИОН АТАНҒАН ТҰҢҒЫШ ҚАЗАҚ ТАЕКВОНДОШЫСЫ
ҚР ТСМАшуНАЧЫН КУУЛАР АИЧИ-НАГОЯДАҒЫ ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ЖАРҚЫН КАМБЭК ЖАСАП, ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ
ҚР ТСМАшуВЕЛОТРЕК: РИНАТА СҰЛТАНОВА ХХ ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ЕКІНШІ ЖҮЛДЕСІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ
ҚР ТСМАшу