
Бағдарлама аясында елді мекеннің санитарлық тазалығын сақтау және абаттандыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілді. Ауылішілік көшелер, саябақтар мен қоғамдық орындар арамшөптерден тазартылып, қоқыстар шығарылып, тұрғындар жиі жүретін аумақтар ретке келтірілді.
Сенбілікке мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары белсене қатысып, туған жердің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.
Таза әрі көрікті елді мекен қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осыған орай тұрғындарды қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылатын іс-шараларға белсенді қатысуға шақырамыз.
Таза Қазақстан – таза ауылдан басталады!









