2025 жылы 6–17 сәуір аралығында Маңғыстауда алғаш рет француз туристерінің қатысуымен велотур өтті

    ·
    2025 жылы 6–17 сәуір аралығында Маңғыстауда алғаш рет француз туристерінің қатысуымен велотур өтті

    2025 жылы 6–17 сәуір аралығында Маңғыстау облысында Франциядан келген велотуристердің қатысуымен 11 күндік велошеру ұйымдастырылды. Бірегей жоба аясында қатысушылар Форт-Шевченкодан Қарынжарық ойпатына дейінгі 600 шақырымдық бағытты бағындырды.

    Бұл — өңір тарихында алғаш рет осындай ауқымда өткізілген велотур. Шараға Францияның әр түкпірінен жиналған 11 тәжірибелі велосипедші қатысты. Олардың қатарында әйгілі саяхатшы, режиссер әрі зерттеуші Седрик Тассан мен Франциядағы жетекші туроператорлық компаниялардың бірі — Terres d’Aventure ұйымының бас директоры Эрик Балиан да бар.

    Маршрут Маңғыстаудың ең көрікті аймақтарын қамтыды. Қатысушылар Шерқала тауы, Бозжыра шатқалы, Торыш және тағы басқа табиғи нысандарды аралап, аймақтың тарихи-мәдени құндылықтарымен танысты.

    Бұл тур — Маңғыстаудың туристік әлеуетін халықаралық деңгейде таныстыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Франциялық қонақтар аймақ табиғатының сұлулығына таңданып, вело және экотуризм тұрғысынан зор мүмкіндіктерге ие екендігін атап өтті.

    Сапар соңында Седрик Тассан мен Эрик Балиан Маңғыстау облысының туризм басқармасының басшысы Ерсін Ибрашевпен кездесті. Тараптар болашақта Франциядан туроператорлар, блогерлер мен БАҚ өкілдеріне арнап ақпараттық тур ұйымдастыру жөнінде келісімге келді. Бұл бастама өңірдің туризмін жаңа деңгейге көтеруге серпін бермек.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары