ТӘУЕЛСІЗДІК ҮНІ ШЫРҚАЛДЫ

    ·
    ТӘУЕЛСІЗДІК ҮНІ ШЫРҚАЛДЫ

    🔰 Жайылма ауылында Тәуелсіздіктің 35 жылдығына арналған өнер фестивалі өтті Жайылма ауылында Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған өнер фестивалі ұйымдастырылды. Мәдени шараның басты мақсаты – ел тәуелсіздігінің қадір- қасиетін насихаттап, ұлттық өнерді дәріптеу, ауыл тұрғындарының шығармашылық әлеуетін қолдау.

    🔰Мерекелік кешке қатысқан ауыл әкімі Жандарбек Смағұлов пен аудандық мәслихат депутаты Қалдыбек Дүзкенов құттықтау сөз сөйлеп, елімізге амандық тіледі. Кеште ауыл өнерпаздары әуелете ән шырқап, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әсем әуен мен ұлттық нақыштағы шығармалар көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар, шығармашыл жастар Тәуелсіздікті арқау еткен патриоттық өлеңдерін оқып, азаттықтың қадірін, ел бірлігі мен болашаққа деген сенімді жырға қосты. Фестиваль барысында өнерпаздардың орындаушылық шеберлігі мен жастардың шығармашылық ізденістері ерекше бағаланды. Кешке жиналған ауыл тұрғындары өнер иелеріне қошемет көрсетіп, тағылымды кештің куәсі болды. Бүгінгі шара жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рухты сіңіріп, ұлттық мәдениетке деген құрметті арттыра түсетіні сөзсіз.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары