Катонқарағай ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Катонқарағай ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Ағымдағы жылдың 1–2 тамызда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Д.Б. Сапановтың тапсырмасы бойынша басқарма басшысының міндетін атқарушы Д.А. Мамиев Катонқарағай ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Жұмыс сапары барысында Бағдарламаны іске асыру қағидаларына енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында аудан тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылып, сондай-ақ азаматтарды жеке қабылдау өткізілді.

    Кездесу және жеке қабылдау барысында аудан тұрғындарына бағдарламаға қатысу шарттары, мемлекеттік қолдау шаралары, жеңілдетілген микрокредит алу тәртібі және «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыруға қатысты өзге де мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы" жаңалықтары