Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы рейдтік іс-шаралар жалғасуда

    Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы рейдтік іс-шаралар жалғасуда

    Маңғыстау облысынд

    Маңғыстау облысы Поа судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы рейдтік іс-шаралар жалғасудалиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері бірлесіп, жазғы демалыс кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әсіресе жасөспірімдер арасында суға бату оқиғаларының алдын алу мақсатында рейдтік-профилактикалық іс-шаралар өткізуде.

    Рейд барысында демалушыларға судағы қауіпсіздік қағидалары түсіндіріліп, тек арнайы рұқсат етілген жағажайларда шомылу қажеттігі ескертілуде. Сонымен қатар ата-аналарға балаларды ересектердің қарауынсыз суға жібермеу және олардың қауіпсіздігіне ерекше жауапкершілікпен қарау қажеттігі түсіндірілуде.

    Полиция қызметкерлері мен төтенше жағдайлар саласының мамандары тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, тыйым салынған жерлерде суға түспеуге және өз өмірі мен жақындарының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

    Су жағасында қауіпсіздік қағидаларын сақтау – адам өмірін сақтаудың ең маңызды кепілі.

    https://www.instagram.com/reel/DbkQsajs6Je/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары