Қазақстанда 70 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет жолбарыс тарихи мекендеу ареалына жіберілді

    ·
    Қазақстанда 70 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет жолбарыс тарихи мекендеу ареалына жіберілді

    2026 жылғы 31 шілдеде «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында тарихи оқиға орын алды. Қазақстанда 70 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет табиғи мекеніне Амур жолбарысының Үміт атты аналығы жіберілді.

    Жолбарысты табиғи мекеніне жіберу оны тарихи мекендеу ареалына қайтару және популяциясын қалпына келтіру бағдарламасын іске асырудағы алғашқы практикалық қадам болды. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев, Ресей Федерациясының Әділет министрі, «Амур жолбарысы» орталығының бақылау кеңесінің төрағасы Константин Анатольевич Чуйченко, сондай-ақ ғылыми қауымдастықтың, халықаралық табиғат қорғау ұйымдарының өкілдері және жолбарысты қайта жерсіндіру бағдарламасына қатысып жүрген сарапшылар қатысты.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары