
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының 100 жылдық мерейтойы аясында табиғатты қорғау саласына жылдар бойы еңбек сіңірген ардагерлер мен қорық қызметкерлері марапатталды. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің Алғыс хатымен: — мемлекеттік инспектор Дауылбай Пошанұлы Абильдаев; — ғылыми қызметкер Аршагүл Баймаханқызы Усипова марапатталды. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төсбелгісімен: — қорықты 2000–2021 жылдары басқарған ардагер Айтбек Нарынбайұлы Меңлібеков; — бас есепші Фарида Джанабаевна Абилова марапатталды. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Құрмет грамотасымен: — трактор жүргізушісі Мырзалы Қадирбайұлы Ережимбетов; — тазалықшы Бақытгүл Әбдіманапқызы Әсетуллаева марапатталды. Бір ғасырлық тарихтың артында — өз ісіне адал адамдардың еңбегі бар. Мерейтойда сол еңбектің иелеріне құрмет көрсетілді. Марапат иелерін құттықтаймыз!









