
Қазақстан Республикасының Конституция күні қарсаңында Жанама ауылдық округінде «Конституция – Тәуелсіз Қазақстанның тірегі» атты кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы Конституциясының ел дамуы мен Тәуелсіздікті нығайтудағы маңызын түсіндіру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң үстемдігі қағидаттарын кеңінен насихаттау.
Кездесу барысында Конституцияның мемлекетіміздің негізгі заңы ретінде қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудегі, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы, сондай-ақ құқықтық мемлекет қалыптастырудағы рөлі кеңінен талқыланды.
Қатысушылар елдің тұрақты дамуы мен бірлігі, мемлекеттік тәуелсіздікті сақтау және конституциялық құндылықтарды құрметтеу – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті.
Іс-шара соңында жастар мен тұрғындар Конституция қағидаттарын құрметтеу, заң талаптарын сақтау және ел болашағына жауапкершілікпен қарау – Тәуелсіз Қазақстанның одан әрі өркендеуінің басты кепілі екендігі жөнінде пікір алмасты.







