
2026 жылғы 31 шілде күні Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысының м.а. Ж. Бекайдармен, №1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері М. Бейсеуовпен, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы “№11 қалалық емхана” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігерінцң м.а. К. Әуелбековпен және Шымкент қаласы ДСБ-ның ҚАЖ медицина мекемелері бойынша штаттан тыс бас маманы А. Сапарбековпен жәнеҚР ІІМ ҚАЖК №69 және №78 мекемелерінің медицина қызмет бөлімшелернің басшыларымен кездесу өткізді.
🔷Кездесу барысында ҚР ІІМ ҚАЖК №69 бен №78 мекемелеріндегі жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтардың денсаулық жағдайына қатысты арыз-шағымдары жан-жақты тыңдалып, медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасына байланысты көтерілген мәселелер талқыланды. Әрбір өтініш заң талаптарына сәйкес зерделеніп, жауапты мамандармен талқыланды.
🔷Мұндай кездесулер азаматтардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге, денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді жедел шешуге және пенитенциарлық мекемелердегі медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған.








